Солтүстікқазақстандық 8 жас полицейге алғашқы қызметтік куәлік табысталды. Осы сәттен бастап шенділерге жауапты міндет жүктеледі. Салтанатты шараға ведомство ардагерлері қатысып, жастарға тілектерін білдірді.
— Храните их. Это документ, бережно относитесь к нему и помните: Ваша честь, достоинство в выполнении служебных обязанностей – это лицо не только ДП СКО, но и всей полиции Казахстана.
Полиция қызметі технологиялық тұрғыдан жылдан-жылға жаңарып келеді. Жаңа куәлікте QR-код бар. Оны сканерлеу арқылы Ішкі істер министрлігінің ресми парақшасына өтуге болады. Қызметті растайтын құжат Брайль қарпімен толықтырылған. Оның көмегімен көзі нашар көретін жандар шендіні тани алады.
РУСЛАН ТАСЫМОВ, СҚО ПД жеке құраммен жұмыс басқармасының бастығы:
— Шараны жас қызметкерлер аллеясында бекерден-бекер ұйымдастырып отырған жоқпыз. Әсем орынға ҰОС-нан кейін полицияда еңбек етіп, жұмыс барысында қаза тапқан Ғазиз Есімовтің аты берілген. Әділдік жолында ажал құшқан азамат қызметке алғаш қадам басқан қыз-жігіттерге үлгі болса екен дейміз.
Жалынды жастардың алдында маңызды міндет тұр. Ол – халықтың амандығы мен қоғамның тыныштығын қамтамасыз ету, қиындыққа төзе білу. Жас мамандар облыстық полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағы мен автотехникалық бөлімінде еңбек етеді. Арасындағы кейбірі аудандарда жұмыс істейтін болады.
Нұрасыл Ахмет