Қоғам

СҚО-да Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия болды

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері аққайыңдар өлкесіне жұмыс сапарымен келіп кетті. Арнайы топ Петропавл қаласында, Тайынша және Жамбыл аудандарында әлеуметтік және медициналық мекемелерге барып, кездесу ұйымдастырды. Жиында жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуі, жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мәселелеріне баса назар аударылды. Семинарға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, облыс әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссияның, өңірдің медициналық және білім беру мекемелерінің мүшелері қатысты. Жұмыс сапары отбасы, гендерлік теңдік және ана мен бала институтын нығайту мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға және бірлескен шешімдер әзірлеуге бағытталған.