Қоғам

Қазақстанда жарнаның жаңа түрі пайда болады

15 қыркүйектен бастап Қазақстанда жарнаның жаңа түрі пайда болады. Енді көппәтерлі үйлердегі пәтерлердің, қоймалардың және паркингтердің қожайындары төлем жасауға міндетті. Ол тұрғын үйді ұстауға бағытталатын әдеттегі төлемдерді алмастырады, деп хабарлайды NUR.KZ. Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының ақпаратына сәйкес, бұдай былай меншік иелері жарнаның үш түрін төлейді: ағымдағы, жинақтаушы және мақсатты.

• Ағымдағы – күнделікті қызмет көрсетуге және үйді басқаруға арналған жарна
• Жинақтаушы – күрделі жөндеу қорына арналған жарна
• Мақсатты – тұрғындар жиналысы бекіткен жоспардан тыс шығыстарға арналған жарна))

Барлық жарналар жеке шоттарға түседі, ал олардың мөлшері жылжымайтын мүліктің ауданына байланысты болады. Ең төменгі шекті қалалық мәслихат белгіледі. Төлеу мерзiмi – айдың 25-ші жұлдызына дейін. Кешіктірілген жағдайда өсімпұл қарастырылған. Ұзақ уақыт төлемеген жағдайда сот арқылы өндіріп алуға, сондай-ақ мүлік пен шоттарды бұғаттауға рұқсат етілген. Жаңашылдық көппәтерлі үйлердегі барлық жылжымайтын мүлік иелеріне қатысты.