Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №48 мекемеде жазғы спартакиаданың жабылу салтанаты өтті. Жарысқа 120-дан астам сотталған қатысты. Дәстүрлі дода аясында жазасын өтеп жатқан жандар футбол, волейбол, күрес және тағы да басқа спорт түрлерінен сынға түсті. Нәтижесінде мекемеде 30 жаңа рекорд орнатылды. Соның бірін 56 жастағы сотталған тіркеді. Ол белтемірге тартылудан үздік нәтиже көрсетті. Жабылу салтанатында жеңімпаздар ағаштан жасалған медальдармен және сыйлықтармен марапатталды.