Ауыл шаруашылығы

СҚО-да қысқы дақылдар жиналды

Солтүстік Қазақстан облысының диқандары күзгі жиым-терім жұмыстарына кіріспес бұрын қысқы дақылдарды жинап алды. Биыл мұндай өнім 3,1 мың гектар жерде өсірілді. Қамбаға құйылған астықтың көлемі 9,2 мың тоннаны құрайды. Ал гектар берекелігі – 29,3 центнер. Ағымдағы жылы Шал ақын, Айыртау, Қызылжар және Мамлют ауданының шаруалары көңіл қуантарлық нәтиже тіркеді. Жекелей тоқталсақ, қара бидай 1 жарым мың гектар алқаптан жиналды. 3,4 мың тонна өнім бастырылды. Ал қоймаға жеткізілген бидың көлемі 5,8 мың тоннадан асады. Шығымдылық – 36,2 центнер.