Демалыс күндері қалалық полиция басқармасының өкілдері шаһардағы ойын-сауық орталықтары мен дәмханаларда түнгі рейд өткізді. Басты мақсат – жасөспірімдердің кешкі 10-нан кейін үлкендерсіз жүруін болдырмау және құқық бұзушылықтың алдын алу. Тәртіп сақшылары тексеру жұмыстарына кіріспес бұрын мекемелердің басшылығынан рұқсат алуы қажет.
— Уважаемые коллеги, при несении службы требую соблюдать конституционные права граждан. Пресекать все нарушения общественного порядка, а также недопущение групповых нарушений. УП г. Петропавловска! Отдать приказ на охрану общественного порядка!
Маңызды жұмысқа облыстық полиция департаментінің жеке құрамы да жұмылдырылды. Жедел әрекет ету арнайы жасағы да ат салысты. Полицейлер демалыс орындарымен ғана шектелген жоқ. Түні бойы жолдағы тәртіпті де бақылады.
Түнгі рейдтің нәтижесінде полицейлер 10-нан астам адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олардың барлығы дәмханадан көңіл көтеріп, көшеде мас күйде жүрген. Апталық тексеру шарасы “Заң және Тәртіп” қағидаты аясында ұйымдастырылды.
Нұрасыл Ахмет