Облыс экономикасының дамуына әсер етуші өзге де салаларға тоқталайық. Қаңтар-шілде аралығында негізгі капиталға құйылған инвестициялар көлемі 17,1% артып, 258,2 млрд теңгені құрады. Өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындарымен 464,9 млрд теңгенің өнімі шығарылды. Мұндағы 85,2% немесе 395,9 млрд теңге өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Құрылыс жұмыстарының көлемі 34,2% ұлғайды. Аймақта 470 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды. Соның 444-і тұрғын үй болса, 26-сы – тұрғын емес мақсаттағы нысандар. Ал пайдалануға берілген баспаналардың жалпы ауданы 109,7 мың шаршы метрге жетті. Алдын ала деректер бойынша биыл облыстың ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 257,8 млн АҚШ долларын құрайды. Жекелей тоқталсақ, экспорт – 29,7 млн, ал импорт – 228,1 млн доллар.