Астанада білім саласы өкілдерінің қатысуымен республикалық тамыз конференциясы өтті. Ұстаздардың биылғы жиыны “Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман” тақырыбына арналды. Шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
— Ұстаз – ұлттың шамшырағы. Сіздер күнделікті қажырлы еңбектеріңіз арқылы елдің дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Жас ұрпақтың бойына білім нәрін сеуіп, озық ойлы ұлт тәрбиелеп жүрсіздер. Халықтың зияткерлік қуатын арттыруға белсене атсалудасыздар. Сол үшін сіздерге алғысым шексіз.
Алқалы жиында еліміздің барлық мектептеріне “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын енгізу мәселесі қаралды. Бастаманың арқасында тәрбие жұмысы жаңа форматқа көшеді. Кәсіби бағдар беру дағдылары қалыптасып, орта білім беруге жасанды интеллект енгізіледі. Бұл саланың дамуына айтарлықтай серпін береді.