Білім

Теріскейлік ұстазды Мемлекет басшысы марапаттады

Республикалық тамыз конференциясы аясында бір топ ұстаз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан марапат алды. Петропавл қаласындағы №4 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шолпан Бақытқызы Әблемоваға «Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі» құрметті атағы табысталды. Білім беру саласының ардагері 1960 жылы Мамлют ауданы, Қызыласкер ауылында дүниеге келген. Жалпы еңбек өтілі 44 жылды құрайды.