Экология

Жас табиғат жанашырларының сайысы

Жас табиғат жанашырларының сайысы. Петропавлда “Табиғат трендте” атты байқау өтті. Экологиялық жарыс Шаталов ескерткішінің алдында ұйымдастырылды. Барлығы 5 ұжым сынға түсті. Бұл – “Таза Қазақстан” құрамасы. Ұл-қыздар бүгінгі байқауға 1 аптадан астам дайындалған. Бүгін ұжым табиғат жайлы әндер айтып, сайыстың көркін кіргізді.

МАКСИМ БАСКЕЕВИЧ, қатысушы:

— Еріктілікпен айналысып жүргеніме 2 жылдан асты. Қоғамға пайдасын тигізетін шараларға қатысқанды жаным сүйеді. Бұл байқау жастардың табиғатқа зиян келтірмей, пайдасын тигізуіне септігін тигізеді. Конкурстың қатарластарым үшін маңызы зор. Біз барша халықты табиғатты аялауға шақырамыз.

Жас табиғат жанашырларының сайысы бірнеше кезеңнен тұрды. Байқау барысында ұжымдар өздерін таныстырды, ән айтты, сәнді киімдерін көрсетті. Соңғысына ерекше назар аудару қажет. Оларды өнерлі жастар көп жағдайда қоқысқа тасталатын заттардан тіккен. Осылардың барлығын қазылар бағалады. Сайыс соңында үздіктер марапатқа ие болды.

 

Ақтолқын Солтанханқызы