Қазақстанда магистратура грантының конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталды. Науқан 18 тамызға дейін жалғасады. Өтінішті кешенді тестілеу қорытындысы бойынша шекті балл жинағандар ғана бере алады. Шілде айында өткен маңызды емтиханға елімізде 49 мың адам қатысқан. Оның 40 пайызы ғана сынақтан сүрінбей өтті. Талапкер құжат тапсыру кезінде білім беру бағдарламаларының 1 тобын және 3 жоғары оқу орнын таңдауға мүмкіндігі бар. Айы оңынан туғандардың тізімі 25 тамызға дейін жарияланады. Толық ақпаратты Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтынан алуға болады.