СҚО әкімдігі

“Ботай” монументі жоғары бағаланды

Облыс орталығының кіреберісіндегі “Ботай” монументі жоғары бағаланды. Аймаққа жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Петропавлдың 273 жылдығына орай ашылған туындымен танысты. Алыстан көз тартатын ескерткіш тарихтан сыр шертеді. Жер шары, тұлпар және арқанды берік ұстаған жігіт. Бұл – аққайыңдар өлкесінде жылқының қолға алғаш үйретілгенінің белгісі. Ерекше құрылыстың биіктігі 14 метрді құрайды. Аумағы абаттандырылған. Жан-жағы гүлмен көмкеріліп, орындықтар қойылған жер вице-премьердің көңілінен шықты.