Қызылжар ауданының мектеп оқушылары “Босқарағай” лагерінде бас қосты. “Бір күн-бір әлем” атты шарада түрлі шеберлік сабақтары өткізілді.
ҒАФУРА БӨСТЕКОВА, “Босқарағай” лагері директорының міндетін атқарушы:
— Дене шынықтыру орталығы мен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары келіп отыр. Олар балаларға қорғану жолдары жайлы айтып берді. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі мен суға түсу ережелері айтылды.
Семсер, қылыш, найза, садақ және балта. Лагерьге “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің өкілдері де келіп, балалардың назарына жәдігерлер қойды. Қазақтың ұлы ханы Абылай мен атақты Абай туралы да айтты.
ӘЛИЯ ХАЙМОЛДИНА, “Абылай хан резиденциясы” музей кешені тарих бөлімінің меңгерушісі:
— Абылай хан тұсы – батырлық кезең. Сол себепті бүгін біз ер жігіттің 5 қаруын алып келіп отырмыз. Қару-жарақтар жайлы мәліметтер балаларға өте қызықты болды.
Лагерь аумағында балаларға түрлі интеллектуалды ойындар мен квест те ұйымдастырылды. Бүгінгі демалыс ұл-қыздарға ұнады.
АЙДАНА ЖОЛАМАНОВА:
— Лагерьге келгеніме өкінген жоқпын. Маған қатты ұнады. Бұл жердің табиғаты өте әдемі екен.
“Бір күн-бір әлем” атты 1 күндік лагерь әлі 2 күн ұйымдастырылады. Оған Қызылжар ауданының 240 оқушысы қатыспақ.
Ақтолқын Солтанханқызы