Қоғам

СҚО-да мас жүргізушілер ұсталды

Демалыс күндері облыс полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 800-ден астам дерегін анықтады. Арнайы акция барысында мас жүргізушілер де құрықталды. Ащы су ішіп, рөлге отырғандарды саусақпен санау мүмкін емес. Бақандай 16 адам құрықталды.

— Хочу вас предупредить: на территории г. Петропавловска идёт ОПМ «Безопасная дорога». Также хочу предупредить: на территории города имеются автопатрули скрытого патрулирования.

Полицейлер жұмыста әртүрлі әдістерді қолданады: жүргізушілермен әңгімелесу, жасырын патрульдеу, квадрокоптер арқылы бақылау. Петропавлға кіреберістегі жолдарды тарылту тәсілі де бар. Бұл қозғалысты баяулатады.

ГАУХАР РАМАЗАНОВА, СҚО ПД ЖПҚБ инспекторы:

— Жолдағы апаттылықты азайту бағытында жұмыс атқарылуда. Қолданыстағы әдістердің бірі – жолдарды тарылту. Мұндай тәсілдің арқасында жүргізушілер жылдамдықты төмендетеді. Биыл облыста 308 жол-көлік апаты орын алды.

«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасының мақсаты – тұлғаны заң бұзғаны үшін жазалау емес, бұзушылықты болдырмау, жол-көлік оқиғаларының саны мен қаупін азайту. Тәртіп сақшылары тұрғындарды жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады. Көп жағдайда апат құстан жылдам болғысы келетін жүргізушілердің қателігінен орын алатын көрінеді.