Аптадағы маңызды жаңалықтарСҚО әкімдігіҚоғам

Облыс әкімі азаматтарды қабылдады

Александр Герлиц кездесуге бірден бірнеше сұрақпен келді. Біріншісі, паралимпиадашының ұлына Германияда жасалған пневматикалық қару сатып алу туралы болды. Солтүстікқазақстандық осыдан екі жыл бұрын Швецияда өткен әлем чемпионатында оның ұлы Александрдың мылтығы дұрыс жұмыс істегенінде алтын алуы мүмкін еді дейді.

АЛЕКСАНДР ГЕРЛИЦ, Ақжар ауданының тұрғыны:

— Швецияда өтіп жатқан әлем чемпионатына қатысып жатқан Александр көш бастап, атыс сызығына жақындап, оқ атып, екінші айналымға шығады. Ол атыс шебіне келгенде мылтық дұрыс істемейді. Түсінесіз бе, адам функционалдық жағынан дайын болғанда, осындай психологиялық қысым болған.

МИЯТ ЕРХАТ, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының м.а.:

Бізде Биатлоншылар Одағынан растау бар. Үшінші тоқсанда олар біздің спортшыларға – Ербол Хамитов пен Александр Герлицқа екі мылтық сатып алуға уәде беріп отыр.

Екінші мәселе фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысына қатысты болды. Ақжар ауданында «Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасы аясында қазірдің өзінде төрт ФАП жұмыс істеп тұр. Горьковское ауылында пункт бұрынғы аудандық аурухананың ғимаратында орналасқан, мұнда қыста суық. Бұл Александр Герлицтің айтуынша, тұрғындарға қолайсыздықтар туғызады.

ҚАНАТ ХАСЕНОВ, Ақжар ауданы әкімінің м.а.:

— Күрделі жөндеуге келетін болсақ, бұл шамамен үш жүз миллионға жуық соманы құрайды. Өндіруші бас тартып отыр, мәселені шешудің бір жолы – жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу, егер сіз оны қолдайтын болсаңыз.

Ауылда лайықты ғимараттар жоқ. Өңір басшысы жауапты тұлғаларға мәселені жан-жақты зерттеуді тапсырды. Ольга Денисова Солнечный шағын ауданын абаттандыру мәселесін көтерді. Бірнеше көшенің тұрғындарын нөсер кәрізінің жоқтығы, жолдардың жағдайы мен көшелерді жарықтандыру мәселесі алаңдатып отыр.

ОЛЬГА ДЕНИСОВА, қала тұрғыны:

Өткен жылы бұл мәселені көтермедік, қаржының тасқынға жұмсалғанын түсіндік. Біз де өте қиын жағдайдамыз. Фотосуреттерді бердім. Көктемгі су тасқынынан жапа шегіп жатпасақ та, жазда аздаған жаңбыр жауса үйлерімізге жете алмаймыз, көшелер саз болып, аулаларда шалшық болады.

Қала әкімі Серік Мұхамедиевтің айтуынша, Солнечныйда автобус бағытына асфальт төсеу жобасы жоспарланғанымен, әзірге қаражат жеткіліксіз. Сондай-ақ солтүстікқазақстандықтар аулаларды абаттандыру, паралимпиадашыларға спорттық стипендияларды төлеу және балабақшаларды қаржыландыру мәселелерін көтерді. Барлық өтініштер бақылауға алынды.