Сайлау қорытындысы дүйсенбінің таңында жарияланды. Қызылжар ауданы тұрғындарының басым көпшілігі 1971 жылы туған Бейбіт Исмановқа таңдау жасады. Сандарды сөйлетейік, саяси науқанға 31 661 адам қатысу мүмкіндігін иеленді. 17 815 жерлесіміз азаматтық міндетті орындаған. 500-ге жуық тұлға жылжымалы жәшіктері бар комиссия мүшелерін үйге шақыртыпты. 3 үміткердің бірі – Санат Әубәкіров. Ол 2549 дауыс жинады. Асқар Хабибулинды 1671 қызылжарлық жақтаған, Бейбіт Исманов болса 11 771 адамның қолдауын сезінді. Ал 1310 адам “Барлығына қарсы” белгісін көрсеткен.