Қоғам

Тұрғын үйді жекешелендіре алмаған петропавлдықтың құқығы қорғалды

Жерлесіміздің құқығы қорғалды! Шаһар тұрғыны мемлекеттік қордан берілген баспананы 1 айдан аса жекешелендіре алмаған. Ол мәселені шешу үшін Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жүгініпті. Тиісті заңға сүйенсек, өтініш 30 күннің ішінде қаралуы тиіс. Алайда, қабылдаушы тарап жауап ұсынуға асықпаған. Осы себепті тұлға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментіне жүгінген.

АНАР БАТТАЛБЕК, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігі СҚО бойынша департаментінің бас маманы:

— Бөлім өтінімді қарамаған. Жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде қызмет алушының заңды мүддесін қалпына келтіруге көмек көрсетілді.