Солтүстік Қазақстан облысына «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жетті. Ол кеше Тимирязев ауданындағы Ақсуат ауылда аялдаса, бүгін Сулы елдімекенінде тұр. Осыдан кейін Қайранкөл, Шағалалы, Тайынша, Октябрь, Чкалово, Ащыкөл, Дәуіт, Талшық және Қызылту станцияларына бағыт алады. “Дөңгелектегі емхана” заманауи құралдармен жабдықталған. Мамандар бас ауырып, балтыр сыздаған жандарға таңғы 9:00 мен кешкі 18:00 аралығында тегін қызмет көрсетеді.
Егер науқасқа жоспарлы емделу қажет болса, дәрігерлер жолдама бере алады.