БалаларСпорт

Полицейлер жасөспірімдер арасында футболдан турнир өткізді

Полицейлер жасөспірімдер арасында футболдан турнир өткізді. Жарысқа аула клубтары, спорт үйірмелері, мектеп және колледж командалары қатысты. Спорттық сайысқа қалалық әкімдік пен волонтёрлер де қолдау көрсетті.

ЖАНАТ КӘКІМОВ, СҚО ПД жанындағы есірткі қылмысының алдын алу жөніндегі кеңес мүшесі:

— Біз мұндай іс-шараларды ай сайын өткіземіз. Қала тұрғындары арасында ірі спорттық жарыстар, жүгіру марафондарын да ұйымдастырдық. Салауатты өмір салтын бірге ұстанайық!

Жарысты ұйымдастыруға СҚО ПД жанындағы есірткі қылмысының алдын алу кеңесінің мүшелері мен жастар ресурстық орталығының өкілдері белсенді атсалысты. Олар – тәртіп сақшыларының сенімді серіктестері.

НИКИТА ВИНАРЧУК, жастар ресурстық орталығының волонтёры:

— Мен 14 жастамын, 3 жылдан бері волонтёрлікпен айналысамын. Осындай іс-шаралардың пайдасы зор. Қазір зиянды заттарға құмар жастар бар. Соларды түзу жолға шақыру қажет. Адамдардың барлығы жамандықтан аулақ болуы қажет.

Футбол турнирі арқылы жастар доп қуалап, шеберлік шыңдап қоймады. Олар білімдерін де толықтырды. Осындай сұрақтар арқылы мамандар есірткінің зиянын ұғындырды. Заңның ала жібін аттағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтты.

ЗАРИНА ПОПОВА, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:

— Біз «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында қаламыздың аула клубтары арасында «Есірткісіз болашақ үшін» ұранымен спорттық іс-шара ұйымдастырдық. Мақсатымыз – есірткі ешқайда апармайтын жол екенін түсіндіру. Ал салауатты өмір табысты болашақтың, мықты денсаулықтың кепілі екенін көреткіміз келеді.

Жарыс соңында қатысушыларға дипломдар мен спорттық сыйлықтар табыс етілді.

 

Мәдина Қаби