Петропавлда кезекті өрт оқиғасы орын алды! Назарбаев көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің 2-ші қабатында орналасқан пәтерлердің бірінің балконы жанған. Қызыл жалынның аумағы алақандай болғанымен, ащы түтін кіреберіске тараған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар отты дер кезінде сөндірді. Сөндіру жұмыстары барысында 16 адам құтқарылды. Оның 5-еуі – бала. Сонымен қатар, 23 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.