БалаларСпорт

Мүмкіндігі шектеулі балалар табиғат аясында сауық құрды

Петропавлдық мүмкіндігі шектеулі балалар табиғат аясында сауық құрды. Олар ата-аналарымен шаһар сыртындағы демалыс орындарының бірінде болды. Бұл жерде ұл-қыздар дене жаттығуларын жасады, эстафеталық ойындар ойнады. Мұндай шараның маңызы зор. Спорт адамды сергітеді, белсенді етеді. Бала мен ата-ана арасындағы байланысты арттырады.

АҚЖАН КӘРІМ, «АРДОС-Жүрек» мүгедектердің бірлестігі” ЗТБ директоры:

— Осындай кездесулер арқылы үлкендер бір-бірімен танысады, ал балалар жаңа достар табады. Табиғат аясына шығуды жөн көрдік. Таза ауа, тыныштық және қолайлы ауа райы. Адам жаны тыныштық табады. Біз мұнымен шектеліп қалмаймыз. Алдағы уақытта тағы бірнеше шара ұйымдастырамыз.

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында таланатты ұл-қыздар көп. Ағымдағы айда сол өнерпаздар сахнаға шығады. «АРДОС-Жүрек» мүгедектердің бірлестігі дәстүрлі “Самға” байқауын ұйымдастырмақшы.

 

Байболат Құлтанов, Мәдина Қаби