ҚоғамЭкология

Бескөлде ұстаздар ауқымды тазалық акциясын өткізді

Ортақ үйімізді бірге құлпыртамыз! “Таза Қазақстан” концепциясы аясында Қызылжар ауданының орталығында ауқымды сенбілік өтті. Тазалық шарасына білім саласы өкілдері білек сыбана қатысты. 100-ге жуық жерлесіміз негізгі күшті орталық алаңға жұмсады. Қызылжарлықтар тұрғындар жиі жүретін демалыс паркін артық заттардан тазалады, өскен шөптерді шапты. Бірнеше сағат ішінде аумақ көз сүйсіндіретін күйге енді. Енді аудан орталығында мұндай сенбілік әр апта сайын ұйымдастырылмақ.

БОТАГӨЗ БАТАНОВА, №2 Бескөл орта мектебінің директоры, Қызылжар ауданы:

— Тазалық шарасына білім мекемелері қатысып жатыр. Акцияға қуана келдік.