Ойыннан от шықты! Петропавл маңында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонда оқыс оқиға орын алды. Жайсыз жайт бойынша облыстық полиция департаментіне хабарластық. Мамандардың ақпаратына сүйенсек, сол аумақта жүрген ер адам мылтықтың оғын тауып алған. Көп ұзамай “олжаны” тасқа лақтырыпты. Сол сәтте оқтың ұшқыны тарап, қарама-қарсы тұрған жан түрлі дене жарақатын алады. Оған жедел арада алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін өзге елдің азаматы үйіне жіберілді. Қазіргі таңда бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.