Қызылжардың қыздары жарады! Футболдан Қазақстан әйелдер лигасының 16-туры аясында жергілікті “Қызылжар” футбол клубы көкшетаулық “Оқжетпеске” қонаққа барды. Ойын басталысымен теріскейлік ұжым шабуылға лап қойды. Жерлесіміз қарсыластан алаңның әр бөлігінде басым түсті. Шыны керек, алаң иелері – чемпионаттың аутсайдері. 16 ойында 3 гол соғып, бақандай 141 гол өткізген. Матчтың қорытындысы бойынша “Қызылжар” қарсылас қақпасына жауапсыз 14 гол соқты. Осы жеңістің арқасында бұрымдыларымыз турнирлік кестеде 31 ұпаймен 5 орынға көтерілді. Теріскейлік құрам келесі ойынды тамыздың 11-і күні Петропавлда өткізеді. Қарсылас – қостанайлық “Тобыл” клубы.