Теріскейлік 8 полицей кезекті арнаулы атақтарға ие болды. Жаңа шендерді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманғали Ысмағұлов табыстады. Ол қызметкерлерге мансаптық өсім мен ел игілігі жолындағы еңбектеріне сәттілік тіледі.
РУСЛАН ТАСЫМОВ, СҚО ПД жеке құраммен жұмыс басқармасының бастығы:
— Бүгін біздің қызметкерлер кезекті шендерін алып жатыр. Іс-шараны салтанатты түрде ай сайын өткіземіз. Шара әскери рух пен патриоттық тәрбиені көтеру үшін ұйымдастырылады.
Бикен Смолекова – Мағжан Жұмабаев ауданының өкілі. Ол ішкі істер органдарында 2016 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда жеке құраммен жұмыс тобының аға инспекторы. Салтанатты шарада оған полиция майоры шені табысталды.
БИКЕН СМОЛЕКОВА, М. Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің аға инспекторы:
— Менің мамандығымның өзіндік қиындығы бар. Жеке құраммен ашық сөйлесіп, дұрыс психологиялық бағыт-бағдар беру қажетпін. Әр қызметкермен жеке жұмыс жүргіземін. Сонда ғана ол алға ұмтылады, белгілі бір жетістікке жетеді.
Жаңа шен алғандар қатарында патрульдік полиция, жедел әрекет ету арнайы жасағы, арнайы және мобилизациялық дайындық басқармасы, кадр қызметі мен кезекші бөлім өкілдері бар.