Қоғам

Петропавлда ыстық су беру тоқтатылатын уақыт шегерілді

Петропавлда ыстық су беру тоқтатылатын уақыт шегерілді! Тіршілік көзі тамыздың 18-і мен 24-і аралығында болмайды. Мұндай маңызды хабарландырумен «Петропавл жылу желілері» серіктестігі әлеуметтік желі арқылы бөлісті. Бұған дейін жоспарланған гидравликалық сынақтар жаздың соңғы айынының 11-і мен 17-сі аралығында өтетіндігі, бұл кезеңде облыс орталығында ыстық су болмайтындығы хабарланған еді. Жауапты ұйым өкілдері істі белгілі бір себептермен шегеруді жөн көрген. Тиісті шаруа аяқталғаннан кейін тұтынушылар кезең-кезеңімен тіршілік көзіне қосылады. Егер құбырларда ақау анықталса, жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мұндай аумақтардағы нысандарға ыстық су кештеу берілуі мүмкін.