Қоғам

Биыл облыстың түзету мекемелерінде 35 жұп неке қиған

Темір тордың ар жағында орын алған бақытты сәт! СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №51 мекемесінде сотталған тұлға мен сүйіктісінің неке қию рәсімі өтті. Шараға азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің өкілі қатысты. Маман некені ресми түрде тіркеп, ерлі-зайыптыға тиісті құжатты ұстатты. Түзету мекемелерінде отбасы құру сотталғандардың қайта тәрбиеленуіне және әлеуметке бейімделуіне мүмкіндік береді. Адамдардың жауапкершілігін арттырады, оң өзгерістерге ұмтылуға көмектеседі, жасаған қателіктерін қайталамауға ықпал етеді. Айта кетейік, жыл басынан облыстағы түзету мекемелерінде 35 неке қиылған.