Достық үйінде Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды. Оны “Коперник” поляк этномәдени орталығының мүшелері ұйымдастырды. Шарада ұлы ойшылдың қара сөздері, өмірбаяны және шығармашылығы жайлы мағлұмат ұсынылды. Тамашалауға келген жандар туындыларды қызыға қарады, өнерлерін ортаға салды. Бас ақынның “Көзімнің қарасы” әні орындалды.
Танымдық шара басқа да этномәдени орталық өкілдері Абай жайлы біліп жүрсін деген мақсатпен ұйымдастырылған. Ертең тағы бір бастама қолға алынады.
СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, ҚХА СҚОФ мүшесі:
— Мұндай іс-шаралар өте көп. Мысалы, ертең Абай муралының қасында экологиялық акция өткізейін деп жатырмыз. Жастарға ақынның қара сөздерін оқытамыз. Шараға ҚХА мүшелері ғана емес, этномәдени бірлестік өкілдері де қатысып жатыр.
Бүгінгі шарада өзге де этномәдени орталық өкілдері өнер көрсетті. Мысалы, кітапхана қызметкері Алтынай Сыздықова жерлес ақын Марал Зейнел-Ғабиқызының “Ақын Абай ескерткішінің жанында” деген өлеңін оқып берді.
Мәдина Қаби