Алаяқтар арам ойларын жүзеге асырды. Петропавлда зейнеткер полицияға жүгініп, интернет-алаяқтық фактісі туралы хабарлаған. Оған белгісіз адамдар хабарласып, қуларды әшкерелеу бойынша «арнайы операцияға» қатысуға шақырады. Жылы-жылы сөйлеген пысықайлар қартты ақыры көндіреді. Өтірікке сенген тұрғын әлгілердің нұсқауын орындай отырып, пәтерін сатады, артынша 15 млн теңгеден астам қаржыны курьерге ұстатып жібереді. Қазір тергеу жүріп жатыр. Оның барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Тәртіп сақшылары жұртшылықты кезекті мәрте аса сақ болуға және күдік туғызатын адамдармен сөйлеспеуге шақырады.