Ақындар темір тордың ар жағында өнер көрсетті! Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №48 мекемесінде қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы және ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай айтыс өтті. Шараға Жұмабек Рахимов, Диас Аяған сынды елге танымал дарындар және Дамир есімді жазасын өтеуші қатысты. Ол сотталғанға дейін айтыспен белсенді түрде айналысқан. Суырыпсалма ақындардың жырын заңның ала жітін аттан тұлғалар тыңдады. Мұндай бастама Абайдың мұрасын әрмен қарай дәріптеуге және сотталғандарды түзу жолға салуға әсер етеді.