Облыстық ПД жедел-криминалистика басқармасының қызметкерлері “Аққайың” лагерінде болды. Мамандар балалардың көңілін көтеріп, демалыстарын ерекше ету мақсатында жылжымалы криминалистикалық зертхананы көрсетті. Қылмыс орнын қарау, дәлелдерді анықтау және айғақтарды табуға көмектесетін арнайы жабдықталған чемодандармен таныстырды. Демалушылар құрал-жабдықтарды ұстады. Тіпті, қылмыскерлерден тәркіленген қару-жарақтарды көрді. Жалпы, облыстық департамент өкілдері “Заң және Тәртіп” қағидаты аясында бірнеше мәрте лагердегі балалармен кездесу өткізді. Басты мақсат – жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыру, кәсіби бағдар беру және жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу.