Спорт

“Қызылжар” ФК тағы да жеңілді

“Қызылжар” футболшылары жанкүйерлерді тағы да жерге қаратты! Бұл жолы петропавлдық ұжым жігіттері “Қарасай” стадионында қостанайлық “Тобыл” командасының аяқдопшыларына есе жіберді. Тіркелген есеп – 0 де 2. Қонақтар алғашқы және екінші таймда бір-бір голдан соқты. 3 ойын қатарынан жеңілген жерлестеріміз қазір турнирлік кестенің 9-шы сатысында тұр. 8-ші орындағы астаналық “Жеңістен” бақандай 8 ұпайға қалып қойды. Ендігі матч Жезқазған қаласында “Ұлытауға” қарсы өтеді. Кездесу тамыздың 9-шы жұлдызына белгіленген. Осы орайда елең еткізер бейресми деректерге тоқталайық. БАҚ беттерінде жергілікті жанкүйерлер “Қызылжар” клубының директоры Николай Панинді орнынан босату жөнінде бастама көтеруде. Әзірге бұл дерекке қатысты қосымша ақпарат жарияланған жоқ.