Орақ науқаны қарсаңында Қазақстанда астық бағасы өзгерді! Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған дерекке сүйенсек, елімізде қатты бидай 3 теңгеге қымбаттады. Ал майлы дақылдар нарығында күнбағыс құнының өсуі тіркелді. Ескерер жайт, бағалар аймаққа, сапа көрсеткіштеріне және жеткізу шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін. Өзгеріс күздегі жиым-терім жұмыстары қызатын немесе одан кейінгі уақытта да орын алуы ықтимал.