Темір тордағы ұлына заңмен тыйым салынған заттар әкелген! Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №48 мекемесінде тәртіп бұзушылықтың жолы кесілді. Жазасын өтеп жатқан баласына анасы ұзақ мерзімді кездесуге келген. Нәзікжанды ішке 2000 рубль көлемінде ақша және түрлі-түсті металдан жасалған кулонды алқа мен 3 жұп сырға кіргізбек болыпты. Бұған рұқсат берілмейді. Аталған факті бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабы 1-бөлігі негізінде тиісті материал рәсімделді.