Ауыл шаруашылығыҚоғам

Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды

Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды. Науқан аясында жиналған деректер еліміздегі ауыл шаруашылығының қалай дамып жатқанын және халықтың тұрмысын көрсетеді. Яғни, экономикаға да әсері бар. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында бастаманың артықшылықтары жайлы сөз болды.

МАРАЛ НҰРЖАУЫПОВА, Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаментінің басшысы:

— Бұл – он жылда бір рет өткізілетін шара. Ол еліміздегі ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайын көрсетеді.
1:46-2:05 Санақтың басты артықшылығы – деректерді сақтау мүмкіндігі. Егер сауалнаманы аяқтай алмасаңыз, кез келген уақытта қайта кіріп, жалғастыруға болады.

Алғашқы онлайн кезең 31-ші тамызға дейін жалғасады. Қатысу үшін “sanaq.gov.kz” сайтына тіркеліп, ЭЦҚ арқылы кіру қажет. Сайтта 2 түрлі сауалнама қолжетімді. Біреуі – агрокәсіпорындарға, екіншісі – бау-баушасы бар немесе мал ұстайтын жандарға. Сұрақтар ауыл шаруашылығы қызметінің барлық тұсын қамтиды. Оның ішінде: жер мен техниканы пайдалану, еңбек ресурстары мен тапқан табысы жайлы ақпарат және тағы басқалары. Егер адам не істеу керектігін білмесе, сайтта оларға бағыт-бағдар беретін интерактивті көмекші бар.

МАРАЛ НҰРЖАУЫПОВА, Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаментінің басшысы:

— 20 қыркүйектен бастап онлайн санақтан өтпеген үй шаруашылықтарын интервьюерлер аралайды. Барлық серіктестіктер мен тұрғындарды шараға қатысуға шақырамыз.

Қазіргі таңда облыста 340-мыңға жуық ірі қара, 583 мың – ұсақ мал, 157 мыңнаң астам – шошқа, 188 мың жылқы және 3 млн-нан астам құс бар. Бірақ, бұл – жобалап жасалынған статистика. Мал санағының арқасында нақты сандарды біле аламыз. Облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Нариман Тасболатовтың сөзінше, бастаманың салаға, экономикаға тигізер пайдасы мол.

НАРИМАН ТАСБОЛАТОВ, СҚО ветеринария басқармасының бөлім басшысы:

— Біз үшін ауыл шаруашылығы санағы ветеринариялық шараларды дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мал санын білу арқылы біршама уақыт үнемдейміз.

Жоспар ауқымды. Санақ тұтас Қазақстанда өтеді. Елімізде ауыл шаруашылығы санағы аясында 300 мыңнан астам агрокәсіпорын мен 2 млн үй шаруашылығы қамтылатын болады.

 

Нұрасыл Ахмет