СҚО әкімдігі

Заңдағы өзгерістер түсіндірілді

“Amanat” партиясының жергілікті филиалы қабырғасында Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру жөніндегі өңірлік штаб мүшелері дөңгелек үстел өткізді. Олар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың медициналық сақтандыру бойынша заңға енгізген өзгерістерін ортаға салды. Жиынға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тікелей қатысы бар қоғамдық бірлестік өкілдері және мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Жаңашылдық әрбір адамға жетуі тиіс. Кездесуде жан-жақты мәлімет айтылды. Өңірлік штаб мүшелері алдағы уақытта өзге де ұйымдарда ақпараттық жүздесу ұйымдастырмақ.