Абай облысы Мақаншы ауданы Қабанбай ауылынан сүйінші хабар жетті! Ұлылар мекенінде асық ату спортынан ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Бұл жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиылған мықтылар қатысты. Қуанышымызға орай, солтүстікқазақстандық спортшылар көш басынан көрінді. Теріскейлік ерлер және әйелдер командасы да жүлде еншіледі. Жағымды жаңалықпен облыстық асық ату федерациясының президенті Ақжан Сұрағанов бөлісті.
АҚЖАН СҰРАҒАНОВ, СҚО асық ату федерациясының президенті:
— Ардагер асықшыларымыз 1-ші орын еншіледі. Ал бесасықшы әйелдер құрамасы 2-ші орынға табан тіреді.