Адамдарды ұрлау, күш көрсету, мәжбүрлі түрде жұмыс істету, қайыр сұрату және құлдыққа сату. Мұның барлығы – адам саудасына қатысты қылмыс. Бас шайқатарлық жайттың алдын алу мақсатында Петропавлда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған акция өтті. Басты мақсат – құрбан болмаудың және алаяқтың арбауына түспеудің жолдарын айту. Шара барысында полицейлер Қазақстан Конституциясы көшесі бойында ақпараттық баннерлер орнатып, тұрғындарға арнайы жаднама қағаздар таратты. Мамандардың сөзінше, қулар көп жағдайда жоғары жалақы мен жақсы жұмыс ұсына отырып арбайды. Шенділер азаматтарды абай болуға, күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және жеке құжаттарын бөтен адамдарға бермеуге шақырады.