Құқық қорғау органдары

47 жастағы петропавлдық мефедрон сатқан

47 жастағы петропавлдық синтетикалық есірткіні жасырынған жерінен алып, бетпе-бет кездесулер арқылы сатқан. Оны полиция қызметкерлері наурыз айында құрықтады. Ұстау кезінде күдіктіден 1 пакет зиянды ұнтақ алынды, тағы 16 пакет автокөліктен табылды. Тексеру кезінде сатылған заттың мефедрон екені анықталды. Жалпы салмағы 35 грамнан асады. Тұлға аса ірі мөлшерде есірткі өткізгені үшін 8 жылға сотталды, қылмыс жасау барысында қолданылған «Samsung» телефоны мен «Audi» маркалы автокөлігі тәркіленді. Жалпы, биыл облыста 172 есірткі қылмысы тіркелген. Заңсыз айналымнан 86 келі еліткіш зат алынды. 2 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды.