СҚО әкімдігі

Облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Петропавлда болды

Аймаққа Ішкі істер министрлігі Кеңесшілер кеңесінің мүшесі, зейнеттегі полиция полковнигі Александр Саванков келді. Ол теріскейліктерге жақсы таныс. Бұрынғы шенді 2006-2008 жылдары облыстық полиция департаментін басқарған. Сапар өткеннен сыр шертер ведомство музейімен танысудан басталды. Сондай-ақ, мейман өзі басшылық еткен тұста департаментте ашылған “Жедел басқару орталығының” жұмысымен танысты.

Александр Саванков полиция ардагерлерімен кездесу өткізді. Жиынға облыстық ПД бастығы Айдың Қабдұлдинов төрағалық етті. Басқосу барысында сөз алған құрметте қонақ өңірде қызмет еткен жылдарын еске алып, жылы естеліктерімен бөлісті.

АЛЕКСАНДР САВАНКОВ, ҚР ІІМ Кеңесшілер кеңесінің мүшесі:

— 1977 жылы еңбек жолымды тергеуші ретінде бастадым. Қызметке келгенде практика мен теорияның мүлдем бөлек дүниелер екенін түсіндім. Шынын айтқанда, біртіндеп жинақталған тәжірибе жемісін берді. Сол жылдары мені білікті тәртіп сақшылары шыңдады. Баға жетпес ақыл-кеңес берді. Солардың арқасында талай қылмыстың бетін аштым.

Ардагер полицей сапарының соңында “Жас сақшы” сыныбының мүшелерімен кездесті. Александр Саванков “Өскелең ұрпақ полицейлердің жұмысымен кішкентай кезінен таныс болуы тиіс”,- деп санайды. Себебі, бұл ұл-қыздардың аталған салаға деген қызығушылығын оятады.

 

Нұрасыл Ахмет