Қоғам

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылды

Петропавлдағы Назарбаев пен Ғ.Мүсірепов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алды. “Hyundai” және “Lada Granta” маркалы автокөліктер бір-біріне соғылды. Рөлде 71 жастағы әйел және 60 жастағы ер адам болған. Ауыр соққының салдарынан екеуі де қалалық көпбейінді жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді. Тиісті тексерулерден кейін нәзікжандының оң жақ қабырғасы бірнеше жерден сыңғаны анықталды. Ол травматологиялық бөлімшеге жатқызылды. Ал азаматтың кеуде сүйегі сынған. Ол стационарлық емдеуге жіберілді. Дәрігерлер зардап шеккен қос тұлғаның қазіргі жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, сараптама нәтижелеріне сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады.