БалаларҚұқық қорғау органдары

Түнгі уақытта вокзал маңында жүрген балалар анықталды

Петропавлда 3 күн ішінде кәмелеттік жасқа толмаған 3 жасөспірім вокзал маңында анықталды. Желілік полицейлер бұл ұл-қыздарды “Түнгі қаладағы балалар” атты жедел профилактикалық іс-шара аясында тоқтатқан. 18 жасқа толмаған балаларға 23:00-ден кейін ата-аналарынсыз немесе заңды өкілдерінсіз далада жүруге болмайды. Балаларын бақылаусыз қалдырған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға
13 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

ДУЛАТ ДІРКЕНОВ, Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы:

— Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды ескерту және алдын алу, оның ішінде кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындаңы құқық бұзушылықтың жолын кесу.

Осы орайда жыл басынан бері тіркелген статистикаға тоқталайық. Биыл вокзал маңында ата-аналарынсыз немесе заңды өкілдерінсіз жүрген 29 жасөспірім анықталған. “Түнгі қаладағы балалар” акциясын ұйымдастырушылар ұл-қыздарды үнемі назарда ұстауға шақырады.

 

Мәдина Қаби