Тамыздың 11-і мен 17-сі аралығында облыс орталығында ыстық су болмайды. Бұл аралықта Петропавлда жылу желілері жоспарланған гидравликалық сынақтардың екінші кезеңінен өтеді. Осылайша жауапты мамандар құбырлардың сапасына көз жеткізбек. Егер ақау анықталса, учаскелерде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Сынақ жұмыстары кезінде желілердегі қысым жұмыс деңгейіндегі қысымнан 25%-ға жоғары болады. Ал жылу тасымалдағыштың температурасы +40°C аспайды. Бұл кезеңде Петропавл қаласында ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады, – деп хабарлайды «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметі.
Гидравликалық сынақтардың екінші кезеңі аяқталғаннан кейін тұтынушылар кезең-кезеңімен ыстық суға қосылады. «Петропавл жылу желілері» серіктестігінде қажетті құбыр жеткілікті, жұмыс жүргізу үшін мамандар тобы жасақталған.