Қоғам

Қазақстандықтар тамызда неше күн демалады?

Көзді-ашып жұмғанша жаздың соңғы айына да жеттік. Тамызда қазақстандықтар неше күн демалады? Бұл айда отандастарымыз Конституция күнін ғана атап өтеді. Тамыздың 30-шы жұлдызы сенбіге келіп тұр. Сондықтан, демалыс қыркүйектің 1-іне ауыстырылады. Осылайша, еліміздің азаматтары 3 күн қатарынан тынығады: тамыздың 30-ы мен 31-і және қыркүйектің алғашқы жұлдызы. Бұдан бөлек, айдың өзге апталарындағы дәстүрлі сенбі-жексенбі күндері де демалыс ретінде сақталады. Бұның барлығын қосқанда, тұрғындар тамызда 10 күн бойы демалады.