Спорт

Арулар маңызды жеңіске жетті

Петропавлдық арулар жергілікті жанкүйерлер алдында маңызды жеңіске жетті! Кеше еліміздің бірнеше қаласында футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан біріншілігінің кезекті тур ойындары өтті. Бұл жолы “Қарасай” стадионында “Қызылжар” семейлік “Елімай” клубын қабылдады. Тартысты матчта теріскейлік арулардың асығы алшысынан түсті. 64-ші минутта Арайлым Орынбасарова көзге түсіп, қоржынға 3 ұпай салды. Қазір “Қызылжар” қыздары турнирлік кестенің 5-ші сатысында тұр. Келесі кездесу тамыздың 4-і күні Көкшетау қаласында өтеді. Бұл жолы аруларымыз көштің соңында қалған “Оқжетпес” командасымен ойнайды.