ҚоғамМәдениет

Тимирязев ауданындағы Целинное ауылына – 70 жыл

Тимирязев ауданына қарасты Целинное ауылының құрылғанына 70 жыл толды. Мерейтойға орай елдімекенде мерекелік шара ұйымдастырылды. Думандатып ән де шырқалды, мың бұрала би де биленді, ойындарға да уақыт табылды. Халық қой және гір көтеру, білек күшін сынау, арқан тарту сияқты ойындардың барлығына белсене ат салысты. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін шаттанды. Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров тұрғындарды мерейтоймен құттықтап, тілегін білдірді.

ЕРЛАН ЖАРОВ, Тимирязев ауданының әкімі:

— Өткен онжылдықтар – бірнеше ұрпақтың өмірі мен еңбегі. Біздің басты міндетіміз – дәстүрді сақтау, өз ауылымыздың тарихын ұмытпау және оны болашағын бірге құру.

Шараға Тимирязев ауданының бұрыңғы басшысы, облыстың құрметті азаматы Құдайберген Қалиев та қатысты. Ел ағасы көптен көрмеген таныстарымен, тұрғындармен жүздесіп, құттықтау сөзін айтты.

ҚҰДАЙБЕРГЕН ҚАЛИЕВ, СҚО құрметті азаматы:

— Басымыз бүгін қуанышты жағдаймен қосылып отыр. Баршаңызды көргеніме өте қуаныштымын. Осындай іс-шараны ұйымдастырып жатқан жандарға алғыс айтамын. Ауызбіршілігіміз осылай нығая берсін. Баршасына зор денсаулық, бақыт тілеймін.

Қоса кетейік, қазір Целинное ауылында 150-ге жуық адам бар.

 

Мәдина Қаби