Қоғам

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Солтүстік Қазақстан облысында алдағы күндері де тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктер шілденің соңына дейінгі болжаммен бөлісті. Мамандардың зерттеулеріне сүйенсек, қазір аққайыңдар өлкесіне оңтүстік-батыстан жеткен циклон әсер етіп тұр. Соның әсерінен әлсін-әлсін жаңбыр жаууда. Мұндай құбылыс жерлестеріміздің біріне ұнаса, екіншісіне ұнай қоймайды.

— Шілденің 28-і мен 31-і аралығында өңір аумағында жаңбыр жауады. Кейбір аудандарда нөсер күтіледі. Сонымен қатар, күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Күндіз сынап бағынасы 18-23 градусты көрсетсе, түнгі уақытта температура 12-17 градус аралығында болады.