Ақжар ауданында да жол-көлік оқиғасы орын алды. Елді елең еткізген жайсыз жайт Талшық ауылы маңындағы республикалық жолда болды. Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД ұсынған дерекке сүйенсек, жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Ол жолдың шетінде аударылған. Салдарынан 1962 жылғы азамат көлік кабинасында қысылып қалады. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен зардап шеккен жанды сыртқа алып шыққан. Жүргізуші алғашқы жәрдем алу үшін бірден медицина қызметкерлеріне тапсырылыпты.