Петропавлда жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші көз жұмды. Қайғылы жайт Пушкин және Шәжімбаев көшелерінің қиылысында орын алды. AUDI, Volswagen Passat және Honda CR-V маркалы 3 бірдей автомобиль соқтығысқан. Ауыр соққыдан 63 жастағы AUDI жүргізушісі жарақат алып, ажал құшты. Алдын ала болжам бойынша тізгіндегі теріскейліктің денсаулығы сыр беріп, бағдаршамның қызыл түсіне өткен. Жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.