БалаларҚоғамҚұқық қорғау органдары

Полицейлер түнгі уақытта көше кезген 50-ден астам жасөспірімді анықтады

Өңірде «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Акцияның басталғаны туралы хабар әлеуметтік желілерде, жол бойындағы ақпараттық экрандарда және Қайрат Нұртас қатысқан концертте көрсетілді. Бастама барысында полиция қызметкерлері ойын-сауық орындары мен сауда орталықтарын аралап, проблемалық мекенжайларды тексеруде.

Жұмысшы кентінде 37 жастағы әйелдің ішімдікке әуес екені анықталды. Оның 16 жастағы ұлы бар. Қазіргі таңда анасының ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралуда. Заңға сәйкес, оған ащы су тұтынуға тыйым салынған. Алайда, петропавлдық бұл талаптарды елемеген. Ал өзге баспаналарда бұзушылық тіркелмеді.

23:00-ден кейін рейдтік топтар компьютерлік клубтар мен ойын-сауық орындарын тексерді. Нәтижесінде Қазақстан Конституциясы көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағында, саябақ маңында серуендеген балалар анықталды. Полицейлер әкімшілік хаттамалар толтырып, ата-аналарды оқиға орнына шақырды.

АЙНАГҮЛ САУЫТБЕКОВА, СҚО ПД ЖПҚБ басқармасының инспекторы:

— Жыл басынан бастап кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау саласында 2869 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Балаларын түнгі уақытта қараусыз қалдырған 1819 заңды өкіл жаза арқалады.

Жұмыс қамқоршылық және білім беру органдарымен бірлесіп жүргізілуде, рейдке қоғам белсенділері мен еріктілер де қатысуда. Жедел-алдын алу іс-шарасы 29 шілдеге дейін жалғасады.

 

Байболат Құлтанов